Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық альфонс 11 әйелді сан соқтырып кеткен

Алматылық Айдана Қамалова өзін екі ай бойы алақанға салып аялап, сосын көлігін мініп қашып кеткен жігітті іздеп жүр.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Әбден ренжіген әйел бұл туралы әлеуметтік желіге жазған кезде, ол жігіттен зардап шеккендердің әлдеқайда көп екенін байқаған.

Қыздың айтуынша, ол тәрбиелі жігіт және қымбат сыйлықтар жасаған. Бірақ, бірер айдан соң Айдана жол апатына тап болады. Сол кезде көлікті жөндеуге апаруды сұраған жігіт, сол күйі жоқ болған. Ақыры іздеп таппаған соң қыз полицияға шағымданды. Артынша жігіт те табылған.

“Ол көлікті соғып алғанын айтады. Сосын ол қашан жөндеп боламын дегенше күтуге тиіспін. Бірақ, ол берген уәдесінің ешбірін орындаған жоқ”, – дейді Айдана.

Әлгі жігітке алданған әйелдердің саны 11 екен. Арасында тіпті еркектің өзінің әйелі де бар.

“Маған оның әйелі де хабарласып, жағдайын айтып берді. Ол жігіт әйелін екі баласымен үйсіз, көліксіз қалдырып кетті. Бәрін апарып кепілдікке тыққан”, – дейді Айдана.

Заң өкілдерінің айтуынша, ер адамның әрекеті “алаяқтық” бабы бойынша тексерілуі тиіс.

“Бұл жерде құқық қорғау органдары көлікті оның вин-коды бойынша тұтқынға алуы керек. Екінші – көлікке іздеу жариялау қажет. Ал егер көлік басқа біреудің атына рәсімделіп қойған болса, онда зардап шегушінің өзі сотқа арыздана алады”, – дейді адвокат Серік Айтбаев.

Енді жақында зардап шеккен барлық әйел жиналып, альфонстың үстінен арыз жазбақ.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да желіге әдепсіз суреттерін жариялаған шенеуніктер жазаланды (фото)

Алматылық бала көрші аулалардағы шашылған қоқыстарды жинап жүр (фото)

Шымкентте 3 жасар бала ашық жатқан сым тоғына түсіп, қолын тұтас күйдіріп алды

Тоңазытқыштан табылған егіздердің ағасының әрі қарайғы тағдыры белгілі болды

Талқылау