Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі: Электронды темекіден аулақ болыңыздар

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кәдімгі және электронды темекінің зияны мен проблемалары туралы айтты.

Денсаулық сақтау министрі: электронды темекіден аулақ болыңыздар

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Темекі мен оны алмастырушылардың ешқандай пайдасы жоқ. Алмастырушының өзі оның қандай да бір аналог екенін көрсетеді. Мен қазақстандықтарға белгісіз химиялық заттардан аулақ болуға кеңес берер едім. Немесе сол заттың химиялық құрамын жіті зерттеп, қорытынды жасау керек. Мүмкін, оның құрамында есірткі бар шығар. Есірткі заттарының күн санап көбеюі бізге және ішкі істер министрлігіндегі әріптестерімізге қиындық тудырып отыр. Оларды бақылап үлгере алмай жатырмыз”, — деді ведомство басшысы.

Біртановтың айтуынша, емханаларда сауықтыру кабинеттері жұмыс істейді,  ондағы дәрігерлер темекімен күрестің ғылыммен дәлелденген қауіпсіз әдістерімен бөлісе алады.

Оқи отырыңыз:

Атырауда миының жасушалары өліп қалған 8 жасар қыздың анасы көпшіліктен көмек сұрады

Теміртауда дәрігерлер жасөспірімнің қолына скотчтың көмегімен гипс салып берген

Кеш жатып, кеш тұратын адамдарда ерте өліп кету қаупі жоғары

Алматылық келіншек пойызда босанып қалды

Талқылау