Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулығы сыр берген Лидо спорттан бас тартуға мәжбүр

Лидо өзінің ауырып қалғанын әрі біраз уақытқа спорттан бас тартатынын айтты.

image

Фото: instagram.com/lido_kz/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Өз жасынан әлдеқайда жас көрінетін жұлдыздардың бірі Лидо. Желі қолданушылары оның дене сымбатына қызығып, спорттық жаттығуларының видеосын көретін. Енді міне әншінің өзі ауырып, біршама уақыт спорттан алыстауына тура келетінін айтып жатыр.

“Барлықтарыңызға қолдауларыңыз бен махаббаттарыңыз үшін көп рахмет! Барлық аурудың емі бар, сондықтан денсаулығым үшін аса көңілім түскен жоқ. Белгілі бір уақытқа спорттан бас тартуым керек болғандықтан, мұңайып қалдым.

Дәл қазір қанша уақытқа бас тартуыма тура келетінін айта алмаймын. Ал спорт маған ерекше бақыт сыйлайтын дүние еді. Маған тілеген жақсы тілектеріңіз өздеріңізге қайта оралсын. Сіздермен жаңалығыммен бөлісіп отыратын боламын”, – дейді Лидо. Әзірге әншінің денсаулығы не үшін сыр бергені белгісіз. Десе де, ол ары қарай киімдер тігіп, оларды жарнамалауды жалғастырмақ.

Хабарды естіген желі қолданушылары оған ақ тілектерін жаудырды. “Лидо, сіздің сұлулығыңызға сөз жоқ”, “Әрдайым күндей жарқырап жүресіз”, “Лидо, тез сауығып кетіңіз және ешқашан ауырмаңыз”, “Алла шипасын берсін. Бастысы, барлық аурудың емі бар. Үш баланың анасы болсаңыз да, дене бітіміңіздің кереметтілігін сөзбен айтып жеткізе алмаймын”, “Маған да физикалық жаттығулар жасауға болмайды. Жарақат емделгенмен, төмен түскен бүйректі қайта қалпына келтірген қиын екен” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Тыңдармандары Түркияда қамсыз демалып жатқан Лидоның батылдығына таң қалды (фото)

Лидоның жалаңаш суреттерін көрген желі қолданушылары әншінің сымбатына таң қалысты

Лидо өзінің “Лабутен” туфлиін көрсетті

Лидо бала кезіндегі қызықты суреттерін жариялады

 

Талқылау