AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектің жетіспеуіне қатысты пікір білдірді

Денсаулық сақтау министрлігіндегілер инсулин және өзге де дәрілердің жетіспеуі туралы хабарламаға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дәрі

"Бүгінгі таңда жекелей саудада дәрі-дәрмек жетіспеушілігі байқалмайды. Препараттардың қол жетімділігі үшін дәрілердің тұрақтылық қоры құрылған және ісі дәріханалық қоймаларда қор бар.

2022 жылы 11,1 миллиард теңгеге инсулиннің 20 түрі сатып алынды. Бұдан бөлек біртұтас дистрибьютор қорында инсулиннің жеткілікті қоры бар. Инсулин тұрғындарға және диспансерлік есепте тұрғандарға дәрігер рецептімен тегін беріледі. Сәйкесінше қажетті препараттар көлемі жеткілікті", – деді министрліктегілер. 

Министрліктегілер препараттардың жекелей саудадағы құны орнатылған шектік бағамен реттелетінін айтты. 

"Дәрілік препараттар бағасын мемлекеттік реттеу арқылы жыл сайынғы инфляция кезінде бағаны бір қалыпты ұстау мүмкін болып отыр. Орнатылған шектік бағадан асқан жағдайды Әкімшілік кодекстің 426-бабымен жаза тағайындалады", – деп түсіндірді ведомстводағылар. 

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері инсулиннің ақуыз екенін және температура режимінің сақталуын қажет ететінін мәлімдеді. Бұлай болмаған жағдайда препарат бұзылуы мүмкін. 

Ведомство жалған ақпарат таратпауға және тек сенімді дереккөздерге ғана сенуге шақырды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр