Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Декреттегі аналар 42500 теңге алады ма: Министр айтып берді

Әйелдерге декреттік демалыста 42 500 теңге тағайындау туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Бұл туралы еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Нұрымбетов онлайн брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің сөзінше, жәрдемақы тағайындаудың белгілі категориялары ғана бар. Декреттегі аналар жеке категория ретінде қарастырылмайды. Сондықтан оларға 42 500 берілмеуі мүмкін. Дегенмен әлі нақты шешім қабылданбаған. Алдағы уақытты бұл мәселе талқыланатын болады. 

"Декреттегі аналар деген арнайы категория жоқ. Бұл жәрдемақы жұмысын  жоғалтқандарға төленеді. Бұл жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер немесе өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Бірақ, бұл жағдайда декреттегі аналарды ескеретін боламыз. Алайда, нақты шешім шыққан жоқ", - деді Нұрымбетов сейсенбідегі баспасөз мәслихатында.

Естеріңізге сала кетейік, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға 42500 теңге алу үшін БЖТ төлеудің қажеті жоқ

Талқылау