Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДДҰ басшысы коронавирустың аса қауіпті түрі кез келген уақытта пайда болуы мүмкін екенін айтты

Женевада өткен брифингте дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс әлемдегі ковид-пандемия аяқталды деген қазіргі қате пікірге байланысты кез келген сәтте коронавирустың жаңа, аса қауіпті түрі пайда болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Пандемия осымен аяқталды деу дұрыс емес. Кез келген сәтте коронавирустың жаңа және одан да қауіпті нұсқасы пайда болуы мүмкін. Бұлай болған жағдайда көптеген адам қорғансыз қалады", - деді ДДҰ басшысы.

Гебрейюстің айтуынша әлемде ковид инфекциясы мен өлім саны азайып жатқанымен, ДДҰ елдерді қырағы болуға шақырады. Жалпы медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдардың төрттен үш бөлігі коронавирусқа қарсы екпе алды. Бірақ табысы төмен елдерде бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен. 68 штатта халықты вакцинациямен қамту 40%-ға жетпейді. Бас директор атап өткендей қазір әлемде вакцина жеткілікті. Бірақ вакцинация деңгейі ең төмен көптеген елдерде оған сұраныс жоқ. 



Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы өткен аптада 30 мамыр мен 5 маусым аралығында әлемде 7 мыңнан астам адам ковидтен қайтыс болғанын еске салды.

"Пандемия біткен жоқ және біз бұл туралы ол аяқталғанша талқылаймыз", –  деп қорытындылады Гебрейюс.

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 09 Маусым, 2022 10:33
Талқылау