AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДДСҰ маймыл шешегі дертінің әлемде таралу қаупін бағалады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегі дертінің әлем бойынша таралу қаупін бағалауда. Ұйымның хабарлауынша, дерттің таралуы бірқалыпты, алайда жағдай ушығып кетуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазіргі уақытта жаһандық деңгейде жалпы қауымдастыққа деген қауіптілігі бірқалыпты", – делінген ДДСҰ хабарламасында. 

Сондай-ақ дертке көбінесе біржынысты қарым-қатынасқа түскен ерлердің шалдыққаны анықталды. Одан бөлек, дерттің аяқ асты пайда болуы мен түрлі географиялық аймақтарда таралуы вирустың адамнан адамға берілетінін анықтады. Ол бірнеше аптадан бері немесе одан да көп уақыт бойы айналымда жүруі мүмкін екені атап өтілді. 

Сонымен қатар, ұйымның болжамынша, вирус адамға патоген ретінде тұрақтап қалу мүмкіндігін пайдаланса, онда оның адамзатқа төндірер қаупі жоғары болуы мүмкін.



Айта кетейік, маймыл шешегі вирусы 2022 жылдың көктемінде Еуропа елдері мен АҚШ-та таралды. Ең алғаш рет дерт 2022 жылы Ұлыбританияда Нигерияға барып келген екі адамнан анықталды. Ол жақта дерт 2017 жылы өршіген. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр