Маймыл шешегіне кімдер жиі шалдығатыны айтылды
Маймыл шешегіне шалдыққандардың басым бөлігі ер адаммен жыныстық қатынасқа түскен ер адамдар. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінде айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемде маймыл шешегі инфекциясының расталған 402 жағдайы және 24 елде 120 болжалды дерегі бар.
Бұл аурудың ДДҰ үшін эндемиялық саналмайтын бірқатар елде кенеттен бір уақытта пайда болуы "белгілі бір уақыт ішінде вирустың анықталмаған берілу жолдарының болуы мүмкін екенін көрсетеді", - делінген ДДҰ ақпараттық бюллетенінде.
"Індетке шалдыққандардың басым бөлігі - "ер адамдармен жыныстық қатынасқа түскен ер адамдар", — делінген хабарламада.
Маймыл шешегі ауруы әлем елдерінде 13 мамырдан бастап тарала бастады. Соңғы уақытта Батыс Еуропада, АҚШ-та, Канадада, БАӘ-де инфекцияны жұқтыру оқиғалары тіркелді.
Шымкентте тұрғындар белгісіз себеппен уланып, балалар көз жұмды
27 жастағы келіншек пен қос перзенті және 15 жастағы студент қыз жалдамалы пәтерге жарты жыл бұрын көшіп келген екен
"Бір сағат сөйлесіп, 30 мың теңгемді алды": Алматы тұрғыны сауда орталығындағы әйелден сақ болуға шақырды
Автор: "Тектік түйін", қызыл іш киім туралы айтты"