Билл Гейтс әлемді жаңа пандемия күтіп тұрғанын мәлімдеді
Microsoft компаниясының негізін салушы Билл Гейтс әлемді жаңа пандемия күтіп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі El Diario басылымына сілтеме жасап.

Билл Гейтстің айтуынша, 20 жылдан кейін жаңа пандемияның пайда болуы ықтималдығы 50%-ға тең. Аурудың тарауымен күресу үшін Гейтс "эпидемия жағдайында ғаламдық әрекет ету және мобилизация тобын" құруды ұсынады.
Сондай-ақ Гейтс қазір тарап жатқан маймыл шешегінің аса қауіпті емес екенін мәлімдеді.
"Мұның шешекпен байланысты болуы қорқынышты, дегенмен мен мұның келесі үлкен пандемия болатынына сенбеймін. Бірақ біздің қырағылығымыз қуантады", – деді ол.
Ақпан айында Билл Гейтс "Келесі пандемияның қалай алдын аламыз" деген кітап жазған еді. Кітап мамыр айында жарық көрді. Мұнда Гейтс коронавирус пандемиясының адамзат үшін соңғы болуы мүмкін деп топшылаған. Сондай-ақ ол осы тектес ғаламдық жағдайлардың алдын алу үшін бірнеше қадамды сипаттаған.
Шымкентте тұрғындар белгісіз себеппен уланып, балалар көз жұмды
27 жастағы келіншек пен қос перзенті және 15 жастағы студент қыз жалдамалы пәтерге жарты жыл бұрын көшіп келген екен
"Бір сағат сөйлесіп, 30 мың теңгемді алды": Алматы тұрғыны сауда орталығындағы әйелден сақ болуға шақырды
Автор: "Тектік түйін", қызыл іш киім туралы айтты"