Дастан Сәтпаев денсаулығына байланысты шұғыл түрде Дохаға аттанды
Фото: instagram.com/d.satpayev
“Қайрат” футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев медициналық тексерістен өту үшін Катар астанасы Дохаға жол тартады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Клубтың ресми мәліметіне сәйкес, бұл шешім дәрігерлердің кеңесімен қабылданған. Футболшы бүгін түнде ұшады.
Айта кетейік, Сәтпаев Қазақстан құрамасының Лихтенштейнге қарсы ойынына қатысқан жоқ. Сол кезде жүргізілген тексерулер нәтижесінде дәрігерлер мен бапкерлік штаб шабуылшыны алаңға шығармау жөнінде ортақ шешім қабылдаған еді.
Еске салсақ, бұған дейін Дастан Сәтпаев жарақат алып, Қазақстан құрамасынан шет қалғаны туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген