Дәрігерлер Жамбыл облысындағы жарылыстарда зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
Дәрігерлер Жамбыл облысындағы жарылыстарда зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2 қыркүйек сағат 16:00-дегі жағдай бойынша Тараздағы көпқұрылымды ауруханада 14 адам стационарда ем қабылдап жатыр. Мәліметтер бойынша, одан басқа науқастар түспеген. 11 адам амбулаторлық ем алу мақсатында ауруханадан шығарылған.
Қазір нейрохирургия бөлімінде 9 пациент, травмотологияда – 3, күйік шалу бөлімінде – 1 адам бар.
“Жансақтау бөлімінде К. есімді бір пациент бар, динамикасы нашар. Көп мүшелі жетіспеушілік синдромы салдарынан жағдайы ауыр деп бағалануда. Науқас Клинтрон атты функционалды төсекте жатыр.
Интубациялық түтіктер арқылы ИВЛ аппартымен тыныс алуда", – делінген Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Науқасты тасымалдау жағдайдың ауырлығына байланысты мүмкін емес.
Қалған 13 науқастың денсаулық жағдайы қалыпты.
Айта кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында әскери қоймадан өрт шығып, жарылыс болғаны айтылған еді.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
