Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер қатты соққыдан миы шайқалған 5 жасар қыздың жағдайын айтты

Астанада қатты соққыдан миы шайқалған 5 жасар қыздың  қазіргі денсаулығы белгілі болды. Бұл туралы №2 қалалық балалар ауруханасы нейрохирургия бөлімінің басшысы Ербол Қозбағаров мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Науқастың жағдайы жақсарып келеді. Тамақ ішеді, ойнайды, қызуы жоқ. Сұрақтарға жауап береді. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр», – деді дәрігер.

Қыз ауруханаға 1 наурызда түскен.

«Науқасты бас ауруы, дене жарақаттары шағымдарымен жедел-жәрдем көлігі арқылы ағасы алып келді. Оны компьютерлік томографиядан өткіздік. Сол күні ота жасалды. Қазір баланың жағдайы қалыпты. Ота 1,5-2 сағатқа созылды», -дейді Ербол Қозбағаров.

Оның айтуынша, дәрігерлер қыздың неден жарақат алғанын анықтай алмаған. Ағасы оны көруге келіп тұрады екен.

«Бала сот сараптамасынан өтті. Нақты жауабын солар айтады. Туыстары қыздың құлап қалғанын айтты», – дейді дәрігер Қозбағаров.

Тағы оқыңыз:

Назарбаев баспаналы болудың бір жолын ұсынды

Елбасы биылғы оқу жылына қосымша 20 мың грант бөлді

Қазақстанды мереке күндері қандай ауа-райы күтіп тұр

Әбединова: Ұлым жәннәтта мені жүзі жарқырап күтіп алады

 

Талқылау