Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер қартаюды тездететін өнім түрлерін атады

Гастроэнтеролог Екатерина Ситникова қартаюды тездететін өнімдерді атады. Айтуынша, ет пен газдалған сусындар қатерлі ісік қаупін арттырып, ағзаның қартаюын жеделдетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Известия” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет pixabay-дан

Ситникова қартаюды тездететін тағамдардың бірі ретінде қызыл етті атады. Оның құрамында қаныққан май қышқылдары, холестерин және жасушалардың зақымдануына әкелетін тұздың мөлшері көп. Сонымен қатар етті пісірген кезде ДНҚ-ны зақымдайтын және қартаюды тездететін канцерогенді заттар шығарады. 

"Етті шамадан тыс тұтыну көбіне жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісіктің жоғарылауы әкеп соғады. Бірқатар ішек аурулары да ішінара күнделікті рациондағы ет өнімдері үлесінің артуы мен өсімдік компоненттерінің (клетчатка) азаюымен байланысты", – деді Ситникова.

Маман бұл өнімнің орнына ол балық, жаңғақтар, бұршақ дақылдары немесе құс еті сияқты ақуыздың басқа көздерін жеуге кеңес берді.

Сондай-ақ гастроэнтеролог газдалған сусындарды ішкенде сақ болуға шақырды. Өйткені олардың құрамында қант көп. Бұл семіздік пен қант диабетінің қаупін арттырады және қартаюды тездетеді.

Дәрігер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес қантты тұтыну 10%-дан аспау керегін еске салды.

Талқылау