AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Бадықова: Біреудің ала жібін аттаса да, одан жамандық көріп жатқан ешкімді көрген жоқпын

Актриса Дариға Бадықова әділетсіздік пен оның жазасы, қиындық пен жеңілдік жолының қайсысы дұрыс деген сауал жолдады. Жемқорлық жасап та жақсы өмір сүріп жатқандарды мысал етті. Желідегі оқырманның пікірі екіге  бөлінді. 

“Осы деймін да, фәниде ешкімнің ала жібін аттамау керек, ойбай адалдықтың түзу жолымен жүру керек, жемқорлық жасамау керек, қанішер болмау керек, біліп тұрып қасақана жасамау керек, аферизм нашар адамның белгісі деп жатамыз. Адал болсаң тыныш ұйықтайсың, әгәрәки былай-былай неғып кетсең, ертең сен үшін ұрпағың жауап береді деп жатады. Бірақ ше, жауап беріп жатқан ұрпақ көрмедім. Адал еңбекке қараған да, "жылпоздардың" өздері де, бала-шағасының да, жолы ашық болып жатыр ғой. Кейде Құдайға жақындар да, Құдайын ұмытып кетеді. Қалай өмір сүрсек екен, и?”, – дейді актриса.

Желі қолданушылары да осы сұрақтың жауабын іздеп әлек. Енді бірі жамандықтың жазасын тартпай қоймайсың дегенді айтады.



“Өте дұрыс айтасыз, шындықты айтсаң көкпет дейді. Адал болсаң бағаламайды. Дос деген болмайды, бірбеткей бетке айтамыз деп жаман болып қалдық. Айй өмір ай бес күндік”, “Қалайда болса таза, адал өмір сүрейікші. Кейде менде де болады осындай, бірақ тәрбием жібермейді”, “Соны мен де түсінбеймін. Адал болғандар көштің соңында қалып қояды”, “Судың да сұрауы бар демекші. Аллаһ тағалам ондайлардың жауабын алдына барғанда алады. Сол үшін тек таза жүру керек. Жай таза жүрмін деген аз. Құлшылығымыз түгел болу керек. Аллам ешкімді адастырмасын”, “Құдай сақтасын Алланы жүрегімізде сақтайық. Алланың барын ұмытпайық. Жегеннің де құспағы бар”, – деп жазды желідегілер. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр