Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бадықова: Болат Атабаев ұстазым көзі тірісінде “Дариға неге келмеді?” деп мені іздепті

Көпшілікке Айсара образымен таныс актриса Дариға Бадықова ұстазы Болат Атабаевпен соңғы кездескен сәтін және оның жақсы қасиеттерін еске алды. Актриса ұстазының өзіне айтқан ақылы мен тәрбиесіне тоқталды.

“Айсара – мықты қатын” деген еді ұстазым. Әңгімені басынан бастайыншы, Айсараға қазір келеміз. Ағай мартта келді ғой елге. Денсаулығы күрт өзгерген соң, “жағдайым болмай тұр, болды, ауылыма қайтам” деген екен достарына. Алла сездірді ме екен, қайдам, 5 ай елінде болып аттанды арғы дүниеге.

Ағайды аэропорттан күтіп алдық. Сол келген соң ертеңіне құдай тамақ берді досы. Ағаймен бәріміздің басымыз қосылды. Қасында отырдық, әңгімесін тыңдадық. Одан кейін мен 2 айға съемкаға кетіп қалдым. Басқа қыздар, жігіттер барып тұрған ағайға. Сөйтсе, барғандардан “Дариға қайда? Неге келмеді?” деп сұрайды екен.

Келген-кеткеннің бәрінен мені сұрай бергенін естігенде, съемка аяқталған соң үйіне бардым. Менің баратынымды естігесін дапанджи тамақ заказ беріпті бір жерден. Сөйтіп, оның бетін жауып қойып мені күткен екен. Ақырын кірдім. Үйінде ағайға қарайлап отырған қарындасы бар. Сол кісімен амандасып жатып ағайды сұрадым. Ағай мені күтіп жатыр екен”, – деді актриса.



Шәкірті ұстазымен соңғы кездесуінде не жайлы талқылағанын, өзіне айтқан ақылын айтты. Ол кезде соңғы кездесу екенін өзі мүлде білмеген еді.

“Күйеуім арбаға отырғызып, бөлмеге сүйреп әкелді. Құшақтап амандастым.⠀
“Дариға, неге келмей кеттің маған?” деп ә дегеннен қатты бастап, одан “дапанджи же, шай іш, қарбыз же” деп қамқорлығын көрсетті. Одан театр жайында айтты, роль жайында әңгіме айтты. Сөйтті де бір заманда Айсара жайлы айтты ғой. “Ана Айсара – мықты қатын. Сен енді Айсараның жанды жерін шығарып, өзіңнің монологіңді айт. Айсара ондай жаман адам емес, оның да жүрегі бар. Сезімталдығын көрсет, іштегі нәзік Айсараның образын аш. Жыла!” деді. Іштей Атабаевтың “Келінжанды” талқылап отырғанына қуандым. Негізі бұл әңгімені мен съемкаға кетерде жолдасыма айтып жіберген екен. Сол сөзін ескеріп, Келінжанның бұл сезонында Айсараны барынша сентиментально ойнауға тырыстым. Ертең жарыққа шыққан соң бағасын бере жатарсыздар. Қазір ойласам, сол кездесуім соңғысы болған екен. Ойда жоқта айырылдық та қалдық қой. Сұм жалған деген”, – деді Бадықова. 

Актриса режиссердің қазасын жоқтап желіде қоштасу жазбасын жариялады. 

“Таңертең суық хабар келді. Өмірге тәрбиелеген Болат Атабаев ұстазым жоқ. Айырылып қалдық. Иманды болыңыз, ағай! Тірі жүретіндей болып едіңіз, сізде кеттіңіз бе? Жақын адамымның бірі едіңіз. Сенбей отырмын. Өз еліңізді, өз топырағыңызды аңсап келіпсіз ғой. Мықты адам, мықты режиссер кетті өмірден. Сіздей адам жүз жылда бір туылатын еді. Қош бол, ағай”, – деді Дариға Бадықоа. 

Айта кетейік, қазақстандық белгілі театр режиссері, қоғам қайраткері Болат Атабаев 69 жасында өмірден озды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр