Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияр Елеусіновтың Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бокс кешіндегі қарсыласы анықталды

18 желтоқсан Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бокс кешіндегі Данияр Елеусіновтің қарсыласы анықталды. Боксшылар ІВО нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді сарапқа салады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елеусінов қарсыласы

Данияр Елеусінов 33 жастағы мексикалық Данте Хардонмен жұдырықтасады. Хардон рингте "Есалаң" лақап атымен белгілі. Бұл оның 2021 жылдағы үшінші кездесуі болмақ. Бұған дейінгі екі кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал тамыз айындағы жекпе-жекте британиялық Энтони Томлинсонды нокаутпен жеңіп, жартылай жеңіл салмақта ІВО белбеуін иеленген еді. 


Головкин, Елеусінов, Әлімханұлы рингке шығады: Қазақстандық бокс жанкүйерлерін алда қандай жекпе-жектер күтіп тұр


Сонымен қатар Хардон кәсіби мансабында WBC Youth, WBC Continental Americas, WBC International және WBO Latino чемпиондық белбеулеріне иелік еткен. 2013 жылы ол әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізіп, жапониялық Такаси Миуреден жеңілген еді. 

Қазір жартылай орта салмақ рейтингінде 88 орынға тұрақтаған, ал Елеусінов 32 орында тұр. 

Айта кетейік, дәл осы кеште Иван Дычко ресейлік Александр Устиновпен жұдырық түйістіреді. 

Талқылау