Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегі туралы айтып берді
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (1-0, 1 КО) Нью-Йоркте өткен бокс кешінде америкалық қарсыласы Ноа Кидті (3-1-1, 2 КО) нокаутқа жіберіп, жеңіске жеткеннен кейін шетелдік БАҚ-қа сұхбат беріп, кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегі туралы айтып берді.
Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
– Нью-Йоркте жақсы тәжірибе алдыңыз ба?
– Иә, бұл өте жақсы тәжірибе болды. Мен кәсіби бокстың, кәсіби қолғаптың не екенін сезіндім.
– Қазақстандық жанкүйерлеріңіз сізді қолданғанда қандай сезімде болдыңыз?
– Тіпті, рингте болған кезде де өз тілімдегі сөздерді, қолдау білдіріп жатқан сөздерін естідім. Қазақ тілінде де, орыс тілінде де сөйлеп жатты.
Айта кетсек, Елеусіновтің екінші жекпе-жегі маусым айында Лондондағы York Hall мәдени-ойын-сауық орталығында өтеді деп күтілуде.
Оқи отырыңыз:
Нью-Йорктегі қазақ полицейі спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тапты
Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)
Халықаралық бокс федерациясы Головкинге шарт қойды