Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дәлелсіз жала жауып жатыр": Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі тосын мәлімдеме жасады

Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуіФото: https://www.instagram.com/nurzhan_imanaliyev/

Айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі, “Нойс” лақап атымен танымал Нұржан Иманәлиев желідегі жазбасымен халықты алаңдатып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сөзінше, халық ойлағандай жауыз адам емес көрінеді. 

"Бір адамды айыптау – оңай. Бірақ адамның тағдыры – бір парақ хаттамадан тұрмайды. Оның жүрегі бар. Оның артында тәрбие, өмір жолы, еліне деген сүйіспеншілігі бар. Біз – ел тонамаған, біреудің нанын тартып алмаған, ешкімнің көз жасына қалған жауыз емеспіз. Біз де дұға тілейміз. Біз де өз үйімізге аман-есен оралуды аңсаймыз. Біз де елдің тыныштығын қалаймыз”, – деп жазды Нұржан. 



Одан кейін жастық шағында түрлі қателіктерге бой алдырғанын да жасырмады. 

“Иә, жастықпен кеткен қателіктер болған шығар. Бірақ біз есейдік, сабақ алдық, түзелдік. Қоғамға пайдасы тиетін азамат болуға тырыстық. Біз ешқашан мемлекетке, үкіметке немесе ел басшылығына қарсы шыққан емеспіз. Қайта, заң алдында міндетіміз болса – жауап бердік. Бүгінде мені дәлелсіз айыптап, жала жауып, қудалауға тырысып жатқандар бар. Бірақ мен ешкімді сатқан жоқпын. Ешқайда қашқан жоқпын. Мен – туған жерін, елін, халқын шын жүрегімен сүйетін қарапайым қазақпын. Aқиқатты айту – қылмысқа айналған заман. Бірақ мен білемін: Алла – Әділ. Ол жүректерді көреді. Ниетті біледі. Менің ар-ожданым да, ниетім де – Оның алдында таза. Бұл маған жеткілікті", – деп жазды ол.

Еске салайық, Айнұр Тұрсынбаева күйеуі екеуі жетім балаларға шәкіртақы төлейтін жазған едік. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 28 Шілде, 2025 11:54
Талқылау
`