"Тұрсынбекті тыңдау керек еді": Мөлдір Мұқан "Қорқыт– қобыз" әнін орындап, сынға ұшырады
Фото: https://www.instagram.com/moldir.mt/
Танымал продюсер Мөлдір Мұқан сахнада ән айтамын деп ұятқа қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі әріптесі Гүлнұр Оразымбетованың орындауындағы “Қорқыт-қобыз” әнін орындаған. Желі қолданушылары продюсердің даусын сынап жатыр.
“Тұрсынбек “даусың жоқ” деген кезде тыңдауың керек еді”, “Қорқыттың өзін шошып кеткен шығар”, “Текке халық сынына ұшырап, ұятты болып қалдың”, “Гүлнұрдан асырып ешкім орындай алмайды”, “Қорқыт мынадай кейін атын ауыстыратын шығар”, “Ұйқым келмейді” деген ән мынаның қасында дұрыс сияқты”, “Қобызбен ұрып өлтіретін екен”, – деп жазды көпшілік.
-
"Бірдеңе білу үшін келіп отыр": Тұрсынбек Қабатов көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді
-
"VIP билет сыйлады": Мөлдір Мұқан ұлының туған күніне сыйлық жасап, көпшілікті жылатып алды
Еске салайық, Мөлдір күйеуінің сынын жиі естігенін айтқан еді.
“Мен ән айта бастасам, Тұрсынбек “сенің дауысың жоқ, ән айтпашы” деп тоқтататын. Бір кездері телеарнаға жүргізуші болғым келді. Күйеуімнен көмек сұрап, қолдау күткенмін. Ел алдында жүрген соң дауыс қою, сөздің анық шығуы деген секілді маңызды заттарды үйретуін сұрадым. Қолыңнан келмейді деп ашық айтатын. Солай басылып қалдым”, – деп көзіне жас алды Мөлдір.

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
