"VIP билет сыйлады": Мөлдір Мұқан ұлының туған күніне сыйлық жасап, көпшілікті жылатып алды
Фото: Видеодан скриншот
Белгілі әнші, актриса Мөлдір Мұқан ұлының туған күніне ерекше сыйлық жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі ұлы Нариманның туған күнінде ерекше қуантты.
“Нұриман ұлдарыңыз 12 жасқа толды. Сен біздің тірегімізсің! Мен саған арқа сүйеймін. Туған күнің құтты болсын! Ешқашан ауырма! Бойың өсе берсін! Туған күніңе “Қайрат” – “Реал Мадрид” матчына VIP билет сыйлаймыз”, – деп жазды әнші.
Еске салайық, "Қайрат" пен "Реалдың" Чемпиондар лигасы аясындағы тарихи кездесуі 30 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында өтеді.
Билет құны трибуналарға байланысты:
Солтүстік және оңтүстік трибуналар – 75 мың теңге
шығыс трибунасы – 150 мың теңге
Батыс трибуна – 250 мың теңге
батыс трибуна (1-9 секторлар, 1-2 қатарлар) – 300 мың теңге.
https://www.instagram.com/reel/DPCZZ5vjG-z/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"