Бұрынғы шенеунік пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді
Қытайдағы ең ірі сақтандыру компанияларының бірі - China Life Insurance директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Ван Бинь өлім жазасына кесілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 1sn басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фотосурет: BBC
Тиісті шешімді Цзинань қаласының (шығыс Шаньдун провинциясы) аралық халық соты шығарды.
Компанияның партия комитетін де басқарған бұрынғы шенеунік пара алғаны, сондай-ақ шетелдегі мүлкін жасырғаны үшін кінәлі деп танылды. Ван Биннің барлық жеке мүлкі мемлекетке қайтарылады.
Ван Бинь 1997 жылдан 2021 жылға дейін әртүрлі мемлекеттік қызметтерді атқарған. Осы уақыт ішінде ол тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы жалпы сомасы 325 миллион юань (45,7 миллион доллар) пара алған. Бұған қоса, экс-шенеунік 56,42 миллион юань (7,9 миллион доллар) шамасында ақшаны шетелде заңсыз жасырған.
Бұрынғы шенеунікке 2023 жылдың қаңтарында айып тағылды.
Талқылау