Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Британдық балықшылар қайтыс болған досының сүйек күлімен 80 келі балық ұстады

Өткен жылы Рон Хоппер, Пол Фэйрбрасс мен Клифф Дейл атты достар зейнетке шыққандарын атап өтпек болып, Тайландқа барып, балық аулауға бел байлаған.

1461814691_ryba

Суреттер: BNPS

Барлығына бұл сапардың ұнағаны сондай, кейіннен олар тағы да Тайландқа балық аулауға бармақ болады. Алайда, желтоқсан айында Рон Хоппердің қатерлі ісікпен ауыратыны анықталып, тіпті өмір сүруіне бірер апта ғана қалғаны айтылады. Мұны естіген зейнеткер достарынан уәделескендей Тайландқа барып, оның сүйек күлін сонда ағызуды өтінген.  Бұны естіген достары әзілдей отырып, оның сүйек күлінен балық аулауға арналған қармақжем жасауды ұсынады. Рон, бұның таптырмас идея екенін айтқан.

1461814640_ryba1

Рон қайтыс болғаннан кейін оның әйелі Джудит сүйек күлінің жартысын Гренадтағы Кариб теңізіне шашып, екінші жартысын достары Тайландқа алып кеткен. Зейнеткерлер әуекомпаниясынан рұқсат алып, сүйек күлін қапталған контейнермен алып өтеді. Тайланда барған соң олар досының күлінен қармақжем жасап, балық аулауға кіріседі. Оның бірі кезінде Ронның өзі 70 келі балық ұстаған жерден балық аулауды ойлайды. Ақырында олардың қармағына алып балық ілінген.

Кремация жасау қайтыс болған адамды жерлеудің бір түрі. Мәйітті өртеп, сүйек күлін суға шашады. Жерлеудің бұл АҚШ, Европа, Үндістан елдерінде қолданылады.

Талқылау