Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украиналық босқын үшін отбасын тастап кеткен: Оқиға жанжалды айырылысумен ааяқталды

Британ полициясы бұрынғы ғашығы Энтони Гарнеттпен жанжалдасып қалған украиналық босқын София Каркадымды қамауға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail порталына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, 22 жастағы Львов тұрғыны Гарнетттің үйіне екі рет басып кірмек болған. Тіпті кіреберіс есігін бұзуды да ойлаған екен. Көршілері тәртіп сақшыларын шақырғаннан кейін қыз бұталардың арасына тығылмақ болған, бірақ ұсталған. Артынша София Каркадымды бұрынғы жігітімен араласуға тыйым салынғанын ескертіп, босатқан.

Босқынның айтуынша, сүйіктісі оны көшеге қуғаннан кейін оның үйі де, ақшасы да, достары да қалмаған. Гарнетт Каркадымның визасының бітуге жақын қалғанына қуанған. Ол қыздың Львовта аман-есен болатынына сенім білдірген.

Бұған дейін Гарнетт украиналық босқынмен айрылысқанын мәлімдеп, қарым-қатынастарына өкінетінін айтқан. Бойжеткен өзін агрессивті ұстаған. Жанжалдың бірінен кейін Гарнет тіпті полиция шақыруға мәжбүр болғанын айтады.



"Сенбі күні түнде ол пышақ алып, қабырғаға бірнеше рет сұқты. Бұл мені қорқытты. Полиция шақырудан басқа амалым қалмады. Мен Софиямен қарым-қатынас орнатамын деп қателестім", – деді британдық.

Ол қыздың қисынсыз мінез-құлқына, балағат сөздеріне, агрессиясына бұдан ары төзе алмайтынын айтты. 

Еске салсақ, Гарнетт пен оның әйелі Лорна Софья Каркадымды өздеріне паналатқан. Бірақ бірнеше күннен кейін отағасы он жылдық некелескен әйелін, екі баласын тастап, украиналық әйелге кеткен. Олардың қарым-қатынасы төрт айға ғана созылды.

Талқылау