Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал әнші нихаб киемін деп сынның астына қалды

Джосс Стоун бүркеншік есімімен танымал британдық әнші және актриса Джоселин Стокер, Instagram желісінде мұсылман қыздардың киімі нихабты киіп түскен суреті оқырмандардың сынына қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

актриса

Танымал актриса өз жазбасында Сауд Арабиясына барғаннда алған әсерлімен бөліскен.

"Мұндағы әйелдер өте мықты және өз бостандығына ие. Олар не істегісі келсе соны істейді және не жеп, не кием десе де өздері біледі", - деп түсіндірді ол. Стокер өз жазбасында жергілікті ерлердің гендерлік теңдікке оң көзқараста екенін қоса айтты.

Әнші нихаб кию міндетті емес екенін мойындады, бірақ оған бұл киім ұнаған. Алдағы уақытта киетінін айтқан. Оқырмандардың пікірі екіге жарылып бірі қолдаса екеншісі даттап жатты. Кейбірі Стокердің рухтандыратын әңгімесі үшін мақтады. Алайда көптеген юзерлер әртістің сөзіне аса риза бола қоймады.

"Нихаб - бұл еркін және күшті әйелдің символы емес, бұл тежелу символы. Оны сұлулық пен күш символы ретінде елестету дұрыс емес", - деп пікір қалдырған желі қолданушылары.

"Мен бразилиялық болдым, ал менің анам Ливаннан. Менің әжем гениталияны кесіп алды. Мен нихабқа қараған кезде, мен әйелдерді бағындырудың тағы бір жолын көремін", - деп өз пікірін білдіргендер де болды.

Айта кететін жайт, сәуір айында Сауд Арабиясының қоғамдық пікір орталығы әлеуметтік сауалнама жүргізіп, елде гендерлік кемсітушілік жоқ деген қорытындыға келді. Бұл ретте, әлемдік экономикалық форумның бағалауы бойынша Сауд Арабиясы жыныстардың теңдігі деңгейі бойынша 149 елден 141-ші орында тұр. Сауд Арабия әйелдеріне ер адамдармен тең жұмыс істеуге және олардың рұқсатынсыз саяхаттауға тыйым салынады.

Талқылау