Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бойым – 2 метр, салмағым – 140 келі": TikTok желісінде танымал болған алып денелі жігіттің кім екені белгілі болды

26 жастағы Расул Төрежанов есімді азамат алғаш рет өзін көпшілікке таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Таңшолпан” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tansholpan_tv/

Расулдың TikTok-тағы видеосы 15 миллионға жуық қаралым жинаған. 

“Қытай елінің астанасы Пекинде дүниежүзілік туризм көрмесі өтті. Біздің этно театрмен бірге  “Дарабоз” батырлар ұжымы да қатысты. Әлеуметтік желіге тараған видео сол көрмеде түсірілген. Ол жерде біз ұлттық тағамдарымыз бен салт-дәстүрлерімізді көрсеттік”, – деп Расул аз-кем түсініктеме берді. 

Сонымен қатар жас актер отбасы туралы да айтты. Одан кейін алып денелі болудың кемшілігіне де тоқталды. 

“Ірілік тұқым қуалайды дегенге сенемін. Ата-бабамның бәрі алып денелі болған. Төрежан атам – Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері. Қазір бойым – 2 метр, салмағым – 140 келі. Бірақ ата-анам кішкентай бойлы. Үйдің кішкентайы болғасын алып денелі болу маған дарыса керек. Әкемнің туысқандарының дене бітімі ірі, бойшаң. Театрымыздағы ең аласа бойлысы, әрі кішкентайы – мен. Менен де алып денелі жігіттер бар. Бала күнімнен спортпен айналысқанды жақсы көремін. Қазақша күрес пен жүзуді жақсы көремін. Бойымның өсуіне жүзудің әсері өте көп ықпал етті. Көшеде көрген жұрт таңдай қағып жатады. Бірі тіпті табиғи бойшаң жаратылыс екенімізге сенбейді. Бірақ айтар едім, өте ірі денелі болғанның да кемшілігі көп. Киім таңдау өте қиын. Күнделікті киетін киімді арнайы тіктіреміз. Аяқ киімнен 50-өлшемді киемін. Оны да арнайы етекшілермен ақылдасамыз. Көлікке сыймай қиналамыз. Өзіміздің көлік бұзылып, такси шақырсақ, міне алмай қаламыз”, – деп ағынан жарылды актер. 

@rasul_media1

 

♬ оригинальный звук - rasul.media
Талқылау