Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Боливияда жолы болғыш ит пайда болды (видео)

Боливиялық ит әлемдегі ең жолы болғыш жануар ретінде танылды. Ол жолға жүгіріп шыққан кезде артынан жоғары жылдамдықпен спорттық көлік келе жатады. Әлгі көлік ит басуға шақ қалғанда оның үстінен ұшып өтеді.

schenok_pes_glaza_vzglyad_sidit_0

Бұл туралы “Лента.ру” басылымы хабарлайды.

Төмендегі видеоны Санта-Крус департаментінде өтіп жатқан Codasur-2016 көлік жарысының жанкүйерлері түсірген. Раллиді бақылап тұрған жанкүйерлер уругвайлық Фернандо Зуаснабаруге қолымен белгі береді. Ал уругвайлық сайыскер өз кезегінде Mitsubishi Evo көлігінің рөлінде отырған болатын. Алайда ол жанкүйлерінің ым-ишарасын түсінбей өте береді. Мұнымен қатар, ит те жолдан кетпей қояды.

Codasur – 2016 сайысы ағымдағы жылдың 1 сәуірінде басталған болатын. Одан кейін сайыстар Парагвай, Бразилия, Аргентина, Боливия аймақтарында өткізіледі. Сайыс қараша айының аяғында Уругвайда аяқталады.


Жіберіп алмаңыз:

Өз күшіктерін су тасқынынан құтқарған ит көпшілікті таң қалдырды (видео)

Қытайлық қария бар жиған-тергенін итіне мұраға қалдырды

Баян Есентаеваның қызы күшікпен “сүйіскені” үшін сын астында қалды (видео)

Талқылау