Қытайлық қария бар жиған-тергенін итіне мұраға қалдырды
Харбин қаласының тұрғыны Ван Цзюньу жергілікті жануарлар үйіне хабарласып, жинаған ақшасын (80 мың юань) жануарлар үйіне беруге аманат жазып қалдырғанын айтқан.

Фото: www.ntv.ru
71 жастағы ер адам бұл қаражатты «Эрфу» есімді итінің «зейнетақысы» ретінде қолдануды өтінген.
Басылымның хабарлауынша, жануар егде адамның жалғыз серігі: оның ұлы алты жасында көлік апатынан қаза тапқан, әйелі ауырып қайтыс болған. Ван Цзюньу «Эрфу» есімді итін күшік кезінде асырап алған.
Сонымен қатар, басылым иттің иесіне адал екенін, үнемі бірге жүретіндерін және оның қасына ешкімді жолатпайтынын жазуда.
Жануарлар үйі әкімшілігі төрт аяқтыға қарауға келісім берді, бірақ зейнеткердің ақшасын алудан бас тартты.
Жіберіп алмаңыз:
Құдықта қалған иттің құтқарушыларды көргенде көзінен жас шықты (видео)
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”