"Бөксемнен ұрды": Павлодарда көлік жүргізушісі жасөспірім қызды танысымен шатастырамын деп полициядан бір-ақ шықты
Павлодарда көлік жүргізушісі жанынан өтіп бара жатқан жасөспірім қызды танысына ұқсатып, бөксесінен ұрып жіберген. Адамдар жүргізуші қызға тиісіп жатыр деп ойлап, полиция шақырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полиция хабарлауынша, Honda автокөлігіндегі белгісіз ер адам кәмелетке толмаған қызды күштеп алып кетуге тырысқаны туралы хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшылары автокөлік иесін ұстаған.
"Бұл факт Павлодардың орталық полиция бөлімінде тіркелген. Дереу "ұстап алу" жоспары енгізілді. Жедел іс-шаралар нәтижесінде көліктің тұрған жері анықталып, жүргізуші ұсталды. Ол 35 жастағы павлодарлық азамат болып шықты. Ол Лермонтов көшесімен келе жатып қызды көрген, оны танысы деп ойлап, оны шақырған. Қыз бұрылған кезде, шатасқанын түсініп, әрі қарай жүріп кеткен. Оны ұрлау ниеті болмаған", - деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полиция қызметкерлері ер адам әрекеті үшін 16 жастағы бойжеткен мен оның анасынан кешірім сұрағанын атап өтті.
"Оқиға оң шешілгендіктен, қыздың ата-анасы арыз жазудан бас тартты. Бұл ретте аталған факті бойынша ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", - деді Қайыров.
Қыздың айтуынша, сол күні ол құрбысымен бірге көшеде жүрген. Көлік қасында тоқтаған кезде, жүргізуші оны бөксесінен қағып жіберген. Алайда, ер адамның өзі бұл фактіні жоққа шығарды.
Егер әкімшілік сот павлодарлықты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп таныса, оған бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады не он тәулікке дейін қамауға алынады.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
