Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блок-бекеттер орнатылады: Петропавл қаласы карантинге жабылды

COVID-19 таратпау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) Петропавл әкімдігіне блок-бекеттерді орната отырып, карантин енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

блок

COVID-19 таратпау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды.

Премьер-министрдің орынбасары өңірде тіркелген СOVID-19 жағдайларының саны артқанын атап өтті. Облыстың кейбір аудандарында коронавируспен ауырғандар саны өткен аймен салыстырғанда 4,7 есе өскен. Вице-премьер өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін жергілікті билік органдарының күш-жігерін жұмылдыру қажет екенін атап өтті.

Шетелден COVID-19 -ды жұқтырып келу жағдайларын ескере отырып, ВАК 9 қарашадан бастап халықаралық екіжақты және транзиттік жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер (шетелдік және қазақстандық азаматтар) үшін теріс нәтижесі бар ПТР тестілеу туралы анықтаманы міндетті түрде ұсыну жөніндегі талапты енгізу туралы шешім қабылдады (берілген сәттен бастап 3 тәуліктен аспайды). Қазақстан азаматтарында анықтама болмаған жағдайда, жүк тасымалдаушылар ПТР тест нәтижелері берілгенге дейін екі тәулікке карантинге орналастырылады.

Сонымен қатар, ведомствоаралық комиссия облыс әкімдігіне 9 қарашадан бастап бірқатар шектеу шараларын қабылдауды тапсырды:

  • Петропавлда қаланың периметрі бойынша блок-бекеттер орнатылады,  карантин енгізіледі;
  • күн сайынғы өсімі 10-нан астам жағдайды құрайтын елді мекендерде санитарияия блок-бекеттері орнатылады;
  • Петропавл - Алматы бағыты бойынша теміржол тасымалдарын аптасына жетіден үш ретке дейін қысқарту;
  • жолаушылар пойыздары үшін аймақ ішінде тоқтауға тыйым салу;
  • Петропавлдан ұшатын әуе қатынасы жолаушыларына теріс нәтижесі бар ПТР анықтамаларының болуы міндеттеледі (берілген сәттен бастап үш тәуліктен артық емес);
  • діни объектілердің, театрлардың, кинотеатрлардың, мәдениет объектілерінің қызметі тоқтатылады;
  • демалыс және мереке күндері ауданы 500 шаршы метрден астам сауда үйлерінің, сауда орталықтарының, азық-түлік емес дүкендердің жұмысы;
    жексенбіде сұлулық салондары, шаштараздар, бассейндер, фитнес-клубтар, спорт залдарының жұмысын тоқтату;
  • офлайн кеңестер өткізуге тыйым салу;
  • қызметкерлердің кемінде 80 пайызын қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыруды қамтамасыз ету;
  • әуежайларға, теміржол вокзалдарына күтіп алатын және шығарып салатын адамдарды кіргізуге тыйым салу (билет болған жағдайда ғана өткізу);
  • азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді және медициналық бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, 65 жастан асқан адамдарға тұрғылықты жерінен шықпауы;
  • карантиндік режимді сақтау жөніндегі мониторингтік топтардың, атап айтқанда Петропавл, Айыртау, Аққайың, Ақжар аудандарында жұмысын күшейту;
  • карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;
  • аймақ тұрғындарын ПТР тестілеумен қамтуды арттыру.

Жұмыс күндері төмендегі жұмысты шектеу керек:

  •  үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілер болған жағдайда, 30-дан кем орынды объектілер үшін есептік орындардың 50%-ынан аспайтын жағдайда сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін шектеледі;
  • сауда үйлері, сауда орталықтары, ауданы 500 шаршы метрден астам азық-түліктік емес дүкендер жұмысын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі.

Демалыс күндері қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын тапсырыс берушіге жеткізу нысанына ауыстыру арқылы сағат 08.00-ден 21.00 сағатқа дейін шектеледі.

Бұған дейін Ақмола облысында санитарлық бекеттер орнатылатыны, сондай-ақ, Қарағанды облысына ПТР-тесті жоқ азаматтар кіріп-шығуына тыйым салынатыны хабарланды. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 03 Қараша, 2020 18:43
Талқылау