Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында санитарлық бекеттер орнатылады

Ақмола облысында 7 қарашада алты санитарлық бекет орнатылады. Бұл туралы өңірлік тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің  басшысы Айнагүл Мусина мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

блок пост

"Ақмола облысында 7 қараша күні сағат 00.00-де алты санитарлық бекет орнату жоспарланған. Қазір жабдықты орнату жұмыстары жүргізілуде, атап айтқанда термометрия орнатылады", - деді Айнагүл Мусина.

Ол сенбіден бастап санитарлық бекеттер жұмыс істей бастайтынын, көлік қозғалысы тоқтамайтынын айтты.

Талқылау