БҚО-да монша сыпыртқысын жасаған тұрғындарға 1,2 млн теңге айыппұл салынды
БҚО-да монша сыпыртқысын жасаған тұрғындар әкімшілік жазаға тартылды. Олар сыпыртқыны тек БҚО-да кездесетін жабайы еменнен жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.
Орал қалалық ормандар мен жануарлар әлемін қорғау мекемесінің хабарлауынша, емен –Қазақстандағы емен тұқымының жалғыз түрі. Соңғы жүз жылдықта емен отырғызғалған аймақ айтарлықтай қысқарған.
"Мемлекеттік орман қорының аумағында соңғы бірнеше жыл бойы емендерді заңсыз кесіп келген. Олардан монша сыпыртқысын жасап, базарларда, моншалар мен сауналарда сатқан. Биыл инспекторлар 60 хаттама толтырып, құқық бұзушыларға 1,2 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Негізінен емен кесумен тұрғылықты жері жоқ немесе беймаралдық өмір сұру салтын ұстанатын адамдар, жұмыссыздар айналысады. Мұндай құқықбұзушылыққа емен сыпыртқысын "алыпсатарлар" итермелейді", – деп хабарланды ведомстводан.
Айта кетерлігі, орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою (100 АЕК немесе 306 мың теңгеге дейін зиян келтірген жағдайда) физикалық тұлғаларға 100 АЕК көлемінде айыппұл салуды көздейді. Оған қосымша, заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, тәртіп бұзушының көлігі мен өзге де заттары тәркіленеді.
Орманда заңсыз кесудің куәсі болған оралдықтар қалалық ормандар мен жануарлар әлемін қорғау мекемесіне мына нөмірлер бойынша хабарласа алады: 26-50-10, 25-08-08, +7 (747) 920-95-70 немесе 102.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
