AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда отандастарын қолдау үшін наразылық акциясын өткізген қарақалпақ азаматтары ұсталды

1 шілдеде Атырауда алаңға 70-тен астам адам жиналып, рұқсат етілмеген митинг өткізді. Көбі ұсталып, тергеліп, артынша босатылды. Бұл жөнінде Атырау облысы полициясының баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін жергілікті ақпарат агенттіктері Атырауда жұмыс істейтін қарақалпақ азаматтарының ұсталғанын жазған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

полиция

"Алаңға шамамен 75 адам жиналған. Рұқсат етілмеген митинг өткізген. Көбі ұсталып, тергеліп, босатылды. Бізде қазір "Мигрант" жедел-профилактикалық шаралары да жүріп жатыр. Сол себепті ұсталғандар арасында Атырау облысында құжатсыз, заңсыз жүрген адамдар да болған. Оларға әкімшілік айыппұл қолданылады ғой. Көбі босатылды, кейбірі сот шешімін күтеді" деді Атырау облысы полициясының баспасөз қызметінің өкілдері Азаттыққа.

Оның айтуынша, ұсталғандар арасында Өзбекстаннан бөлек, өзге ел азаматтары да бар. Ведомство өкілдері өзге сұрақтарды көші-қон қызметіне қою керектігін айтты. Ал Атырау облыстық көші-қон басқармасы бастығының орынбасары Әділжан Жаншин бар ақпаратты баспасөз қызметі беретінін мәлімдеген.

2 шілдеде әлеуметтік желіде Атырауда жұмыс істейтін Қарақалпақстаннан келген жұмысшының видеосын жариялаған. Онда жұмысшы Қарақалпақстанға байланысты наразылықтың бәрін полицияның басып тастап жатқанын айтып, наразылыққа шықпауға үндеген.

Оның сөзіне сенсек, видео 2 шілдеде түнгі сағат 2 шамасында жазылған. Ол өзі сияқты 40 шақты қарақалпақ азаматының полициядан шыққанын айтады, кейбірі сот шешімін күтпек.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр