"Халықты тобыр қылып тәрбиелеп жатыр": Журналист Мәдина Сәдуақасованы сынға алды
Қазақстандық журналист Жолымбет Мәкіш әншілерді аяусыз сынға алды. Халықты желі жұлдыздары арзан әңгімемен баурап барады. Әншінің де, халықтың да деңгейі сай болып тұр деп ашынды.
"Халықты өсек пен қысыр әңгіме іздеп тұратын қара тобыр қылып тәрбиелеп жатқан екі нәрсе бар болса, соның біреуі – "Қалаулым" сияқты әртүрлі мағынасыз, мәнсіз, түкке татымайтын арзан дүниелер ашып тастаған телеканалдар да, екіншісі – инстадағы "жұлдыздар". Соларға қарап біреудің алдында, біреудің артында келе жатқанына шүкіршілік етуден қалып, мына ел дайын нәрсеге, тегін нәрсеге құмартып тұратын қайырымсыз, қатыгез болып барады", - деп жазды.
Жолымбет Мәкіштің айтуынша, әнші жолдасымен отасқан мерейтойын атап өтпек. Халық осындай арзан дүниелерге әуес.
- Мадина Сәдуақасова: Бұл дүниедегі ең жақын адамым қасымда
- "Сен әдемі әйелсің деп айтады": Мәдина Сәдуақасованың сексуалды киінуіне жолдасы қарсы емес
"Мәдина Сәдуақасова отасқанына 7 жыл болғанын, байы өзінен 7 жас кіші екенін атап өткелі жатқанын жазыпты инстаға. Соны аз уақытта 4 миллион адам қарапты. 4 миллион адам! Қазір сонда бүкіл елдің тағдыры шешілгелі жатқандай қырғын пікірталас болып жатыр екен. Біз сонша топас, надан болып кеткенбіз бе, немене?! 4 миллион дегенің халықтың тең жартысы ғой!
Итке сүйек тастағандай қылып, халықты сондай тақырыпқа үймелетіп қойған әнші-құшнаштарда да ұят жоқ! 4 миллион адамды қорасындағы мал құрлы көрмей отыр ғой бұлар. Мәдинаның да, халықтың да деңгейі бір-біріне сай екен!”, – деп жазды автор желідегі парақшасында.
Бұған дейін Сәдуақасова күйеуімен ренжісіп, біраз уақыт бөлек тұрды. Жаңа жыл қарсаңында қайта татуласқанын айтты. Ал жақында 7 жылдық мерейтойын атап өтетінін көпке мәлімдеген еді.
Дұрыс теңеу айтты журналист. Халыққа да біреудің өмірі қызық па ?
Мадинаның әндерін өз басым тыңдамаймын, қылықтарының бәрі жасанды. Сахна киелі жер, киелі жерде тұрып қылымсиды, шынайы болса қайтеді шамалы. Күйеуі де еркек емес шығар, Мадинаның көлеңкесінде жүрген біреу сияқты.