AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз өзіміз өтіндік": Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцина неліктен Қайрат Боранбаевқа тиесілі зауытта құйылатынын түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Спутник V вакцинасы не себепті Дариға Назарбаеваның құдасы Қайрат Боранбаевтың зауытында құйылады?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты

"Әлеуметтік желі қолданушылары осы тақырыпты қазбалай бергенді жақсы көреді. Бір жағдай бола қалса, оның астарында не жатқанын білгілері келіп тұрады. Біз не үшін Қарағандыдағы фармацевтикалық зауытты таңдадық? Бұл - Қазақстан бойынша биологиялық препараттарды шығаратын жалғыз орын. Бізде әртүрлі таблеткалар, дәрілер шығаратын химиялық зауыттар жетерлік. Бірақ тірі, биологиялық дәрмектер шығаратыны біреу ғана. Оның жұмыс істегеніне бес жылдан астам уақыт болды. Біз бұл зауыт басшылығына өзіміз барып, өзіміз өтіндік. Тіпті, мәжбүрледік десем де болады. Олар табыс әкелетін, онкологиялық биологиялық препараттар дайындап келген. Ал біз олардан аз уақытта пандемияға орай қайта жабдықталып, вакцина шығаруды сұрадық", - дейді министр.

Сөзінше, Қарағандыдағы зауыттың ресейлік екпе өндірушілермен келісімшартының болуы Қазақстанды вакцинамен қамтамасыз етуде маңызды рөл ойнаған. 

"Тағы бір айта кетерлігі, бізге көмек болған жағдай - зауыттың ресейлік "Генериум" ұйымымен келісімшартының болуы. Бұл - көрші елдегі Спутник V екпесін шығаратын зауыттың иелері. Жолымыз болып кетті десем қателеспеймін. Вакцина сұйықтығын өз елімізде құйылуына жағдай жасап, оның қолжетімділігін арттырдық. Вакцина әлем елдеріне жетіспей жатыр, коронавирусқа қарсы екпе ашық түрде сатылмайды. Міне, біз вакцинамен мемлекетімізді осылайша қамтамасыз еттік. Мұның астарында ешнәрсе жоқ. Тағы да қайталаймын, біздің таңдауымыз болмады, бұл Қазақстандағы осы бағытта жұмыс істейтін жалғыз  зауыт. Егер басқасы болып жатса, бәлкім, таңдауымыз соларға түсер ме еді? Қазір Отарда тағы бір зауыт салудамыз. Ол іске қосылған соң, вакцинаның әзірлену ауқымын да кеңейтеміз", - деп тобықтады Цой. 

Еске салсақ, бұған дейін желіде "Спутник V" вакцинасын Қазақстанда өндіруге Қайрат Боранбаевтың қатысы болуы мүмкін деген ақпарат таралған еді. 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр