Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

QazVac немесе "Спутник V"? Сарапшылар қай вакцина тиімді екенін айтты

Коронавирусқа қарсы екпе алуға шешім қабылдаған қазақстандықтар қазақстандық QazVac немесе ресейлік "Спутник V" вакцинасын таңдай алады. Дегенмен кейбір қазақстандықтарға таңдау қиын болып жатқан сынды. Сарапшылар екі вакцинаның айырмашылығы мен ұқсастығын айтып, кеіес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.


Сарапшылардың айтуынша, екі вакцинаның айырмашылығы бар. "Спутник V" адамға таныс аденовирус негізінде жасалған. Онда COVID-19 бөлшектері енгізіліп, вакцина алынды. Ал отандық QazVac-қа өлі коронавирустың негізінде әзірленді. Бұл айырмашылыққа қарамастан, екі вакцинаны алған адамдарда  даантиденелер пайда болады.

"Қазақстандық вакцина инактивацияланған вирустан жасалған. Яғни, олар вирусты өлтіреді. Вирус химиялық жолмен өлтіріліп, осы вирустан вакцина жасалады. Яғни, ол адам ағзасында антиденелер шығару үшін антиген ретінде де қолданылады. Яғни, егер ол өміршең болмаса, ол көбейе алмайды немесе ауру туғызбайды", - деді ҚР ДСМ ҚДСҰО сарапшысы, дәрігер-эпидемиолог Лена Қасабекова.

Екі вакцинаның қарсы көрсетілімдері бірдей. Жүкті және бала емізетін әйелдерге, 18 жасқа дейінгі балаларға, препараттың компоненттеріне аллергиясы бар және вакцинация кезінде жұқпалы аурулармен ауыратын адамдарға салынбайды.

Жанама әсерлері де ұқсас - әлсіздік, шаршау, температура, тамақ және бұлшықет ауыруы. Бірақ әдетте бұл үш күннен аспайды. Созылмалы аурулары бар адамдар дәрігермен кеңесу керек.



Екі вакцина да екі дозадан тұрады. Отандық вакцинаны екінші компонентін 21 күн аралықпен салады, ал ресейлік "Спутниктің" аралығын 60 күнге дейін ұзартуға болады.

"Клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінің нәтижелері бойынша Sputnik V тиімділігі 91,6% құрайды. Қазақстандық вакцина - мұнда аралық есептер болды - сол есептер бойынша 95%. Қазақстандық вакцина, ол бір дозалы, яғни бір ампулада бір доза. Мұнда бес адам күтудің қажеті жоқ, вакцинаны ашты, салды – болды. Яғни, егер бір адам келсе, бір дозаны қолдануға болады", - деді Лена Қасабекова.

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық вакцинаның қауіпсіз екенін растады.

Айта кетерлік жайт, вакциналардың клиникалық зерттеулері, оның ішінде үшінші кезең бүкіл әлемде әлі жалғасып жатыр. Мысалы, "Спутник V" бойынша зерттеулер мамыр айының басында аяқталуы тиіс. Бірақ сарапшылар пандемияны жеңудің басқа амалын таппай отыр. Сондықтан мүмкіндігінше тезірек вакцина салдыруды ұсынады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр