Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біртанов: Коронавируске қатысты әуежайлар қатаң бақылауға алынды

Денсаулық сақтау министрлігі Қытайдан бөлек басқа елдермен мемлекеттік шекарадағы бекеттерде де санитарлық бақылауды күшейтетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

бақылауСурет: Қазақпарат сайтынан

Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. 

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайдың жаңа деңгейін жариялауына байланысты қоғамдық денсаулық сақтау саласында қосымша шаралар қабылданды. Ең бірінші кезекте бүгіннен бастап Денсаулық сақтау министрлігі Қытай ғана емес, басқа елдермен де мемлекеттік шекарада орналасқан бекеттерде санитарлық бақылауды күшейтеді. Бұл ретте ең алдымен халықаралық рейстер орындалатын әуежайлар, сонымен бірге біздің елдің халықаралық теңіз және автокөлік жолдарымен шектесетін шекаралары туралы айтылып отыр», - деді Елжан Біртанов.


 

STAN.KZ
Сенбі, 01 Ақпан, 2020 08:01
Талқылау