Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бірінші УДЗ қыз көрсетті": Әнші Алтынай Жорабаева жүктілігінің соңғы айлары туралы айтты

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева бесінші сәбиіне жүкті екенін сүйіншілеген болатын. Жаңа жыл қарсаңында сәбиімен қауышатын күнді әншінің отбасы асыға күтіп жүр. Жүктіліктің қалай өтіп жатқанын әнші жеке парақшасында айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әншінің бірінші некесінен төрт қызы бар. Екінші рет Әлішер есімді кәсіпкер жігітке тұрмысқа шыққан болатын. 

"Құдай ақы, жынысын әлі кім екенін білмеймін. Бірінші УДЗ “қыз сияқты” деді. Екіншісінде,  "дұрыс көрінбей жатыр" деді.  Мен шыдамай, “қоя салшы, керек емес. Білмей-ақ қойдым. Аман-есен, дені сау боп келсе болды" дедім. Бірақ бізде білгіштер көп қой. "Ұл сияқты" деп көп айтады", – деді Алтынай Жорабаева. Сонымен қатар әнші босанатын уақытын да көпшілікке бөлісті. "Құдай өмірімен берсін. Кім болса да, қаңтар айында білеміз", – деді әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі болашақ сәбиін бесікке жатқызуына жолдасының қарсы екенін айтып қалды. 

"Бесікке жатпайды-ау. Әлішер осы бастан "ешкімге бермеймін. Өзім қараймын. Қасыма алып жатамын" деп дайындалып жатыр. Менің бесінші балам. Оның тұңғышы ғой. Сондықтан оған бәрі қызық боп тұр", – деп ағынан жарылды. 

Еске салайық, әнші қайын атасының немересін көре алмай кеткеніне өкінетінін жазған едік. 

Талқылау