"Бірінші әйелімен не үшін ажырасқаны белгілі болды": Желіде анасы мен баласының еріндерінен сүйген сәті қызу талқыға түсті
Фото: Видеодан скриншот
Threads желісінде анасы мен баласының еріндерінен сүйген сәті қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі қолданушылары анасының әрекетін қатаң сынап, баласына ескерту жасап жатыр.
“Мұны көргенше, тортты көріп отыра бергенім жақсы еді”, “Бұл қазақтар емес, қырғыздар”, “Бірінші әйелімен не үшін ажырасқаны белгілі болды”, “Мұндай оқиғаны бірінші рет көріп тұрған жоқпын”, “15 жастағы қыз әкесімен сүйісіп жүрген, бұл солар ма?!”, “Анасының бірнеше рет ұлының ерніне жабысқанын анық көруге болады. Бұл блогер шешесі үшін әйелінен ажырасып кеткен. Мамасының баласы. Демалуға барғанда да анасын ертіп жүреді”, “Осының бәрін көріп отырған әйеліне обал”, “Ең бастысы, қазаққа жат дүние десек те, арасында біздің де мамаларымыз осылай баласының ернінен сүйіп жүреді”, – деп жазды көпшілік.
-
"Сүйіскендерің тарихта қалмайды": Айқын мен Жұлдыздың Берлиндегі фотосы қызу талқыға түсті
-
"Ішкиімсіз билегің келеді": Айсәуле Бақытбек ата-енеден бөлек тұруға кеңес берді
Одан кейін қырғыз блогері Элиза Жээнмырзаева пікір білдіріп, видеодағы енесі мен күйеуі екенін жасырмады.
“Осымен бұл тақырыпты жабайық. Анасы мен баласы екені рас. Ешқандай да сендер ойлағандай дүние емес. Тек сыйластық пен сүйіспеншілік қана бар. Бұл – іс-әрекет біздің отбасымыздағы қалыпты жағдай. Біз ешкімнен не істегіміз келетінін сұрамаймыз. Осы видео сіздің ашуыңызға тиіп жатса, демек мәселе өзіңізде. Сізге берер кеңесім, өз өміріңізді сүріңіз”, – деп жазды блогер.

"Қызылшаға қарсы екпе құтқарар ма еді": Қазақстандық ана қызының екпе салдырып үлгермегендіктен комаға түскенін айтты
