Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір жасында жоғалып кеткен қытайлық 31 жылдан кейін ата-анасымен қауышты

Қытайда 31 жыл бұрын ата-анасынан ұрланған ер адам отбасымен қайта қауышты. Олардың кездесуі желіде көп таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кытай

1989 жылдың қазан айында Қытайдың Гуйчжоу провинциясында Лэй мырза мен оның әйелі Цзянь үйіне бөтен адам келген. Ер адам өзін саяхатшымын деп таныстырған. Ерлі-зайыптылардан бір аптаға ақысыз паналатуды өтінді. Екеуі үйден шығып кеткенде, бейтаныс ер адам бір жасар ұлды алып қашып кеткен. Баласын полициямен бірге он күн іздеп, нәтиже болмаған.

30 жыл бойы Лэй мен Цзян ұлын табудан үміт үзбеген. 2020 жылдың жазының ортасында олар маңызды дерек естіген. Шілде айында Шувэн есімді ер адам жеке куәлігін жаңарту үшін Цзянсу провинциясының Пичжоу қалалық округінің полиция бөлімшесіне барыпты. Құжатты ауыстыру кезінде ол қан алып, ДНҚ-ны ұлттық базамен салыстырды. Полиция оған 31 жыл бұрын биологиялық ата-анасынан ұрланғанын хабарлады.

Шувэн бұл жаңалықты естігенде қатты таңғалған. Оның екі ұлы және әйелі бар. Ал асырап алған ата-анасы өте жақсы қараған екен. 


6 қазанда Шувэн ата-анасымен кездесуге келді. Лэй мен Цзян баласының мойнына асылып, көз жасын тоқтата алмаған.

"31 жыл өтті. Осы уақыт бойы біз күттік, іздедік. Міне, сені таптық", - деді әкесі көзіне жас алып. Қатты толқыған Шувэн биологиялық ата-аналарына қамқорлық жасап, оларға әйелі мен балаларын мүмкіндігінше жиі әкелетінін айтты.

STAN.KZ
Бейсенбі, 08 Қазан, 2020 17:42
Талқылау