Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір ұрып құлатамын: Отандық шоулардың бірінде келін атанғысы келіп жүрген қыздар төбелесіп, шаш жұлысты (видео)

Отандық «Кел, келінім» шоуының қатысушылары эфир барысында сөзге келісіп қалып, төбелесе жөнелді. Бір-біріне есе жібергісі келмеген қыздар тіпті шаш жұлысуға дейін барды, деп жазады Stan.kz.

Бір ұрып құлатамын: Отандық шоулардың бірінде келін атанғысы келіп жүрген қыздар төбелесіп, шаш жұлысты (видео)

Бұл сәттің видеосы желіде тарап кетіп, жұрттың қызу талқысына түсті.

Видео кадрларынан қыздардың сөзге келісіп қалғаны байқалады.

«Бір ұрып құлатамын сені. Тыныштал деймін саған», – дейді қатысушылардың бірі.

Осы кезде екінші қатысушы да одан сескенбейтінін білдіріп, артынша қыздар шаш жұлыса жөнелді.

Өз кезегінде сол жерде болған өзге қыздар қарап отыра алмай, оларды ажыратуға кірісті.

Ал желі қолданушылары қыздардың әрекеті мен көгілдір экран арқылы жастарға теріс тәлім беріп жатқан бағдарламаны сынай жөнелді.

 

«Қалаулымнан» асып түсті», «Мына қыздар келін болғысы келіп жүр ме. Сұмдық қой», «Қазақ қыздары үшін өте ұят қылық», «Алла сақтасын, қыз өсіріп отырмыз. Мұндай ақша таппай-ақ қойсын. Ата-аналары қайда қарап отыр? Теледидардың сәні кетті. Қандай тәлім-тәрбие береміз деп шығарып жатыр?», «Сұмдық, мұндай бағдарламаны эфирден алып тастау керек», – деп жазды желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз:

Қарағанды облысында ақшадан қысылған құтқарушы өз туысын тонап кеткен

ОҚО-да биіктігі 200 метр болатын алып мұнара құлағалы тұр

Денесінің 50 пайызы қатерлі ісікпен зақымдалған сәбидің анасы дәрігерлер үшін опық жегенін айтты

Қарағанды облысында күкірт сақтайтын қойманың себебінен әйелдер түсік тастап, малдардың төлі құбыжық боп туып жатыр

Талқылау