Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір тәулікте пневмонияның 1799 жағдайы және 17 өлім тіркелді

Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 5 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1 799 жағдайы және 17 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан ауырғандар саны - 8 054, 86 өлім жағдайы тіркелді", - дейді денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ қатысты әр тәуліктегі ақпаратты  күн сайын  жариялап отырады.

Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы  маңызды жағдайлар  ресми ақпарат  көздері арқылы  жедел жарияланады.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды.

Талқылау