Бір реттік некеге тұруға қатысты дауда қызды кінәлаған Рүстем Жүгінісовтің ісі сотта қаралды
Фото: Видеодан скриншот
Бүгін Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына әнші Рүстем Жүгінісовтің ісі қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс тамыз айынан бері созылған. Сот құжатынан әншіні Әкімшілік кодекстің 453-бабының 2-бөлігі бойынша "ҚР аумағында мәліметтер мен материалдарды қамтитын масс-медиа өнімдерін тарату, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, соғыс, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, егер бұл ic-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, экстремизмді немесе терроризмді насихаттау және ақтау, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық тәсілдері мен тактикасын ашу " бойынша жауапкершілікке тарту қаралып жатқаны белгілі болды.
Бұл үшін жеке тұлғаларға 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза қарастырылған.
Істің қандай пікірмен байланысты екені әзірге түсініксіз. Соттан сұралды.
Бірақ бұл әншінің Ақтөбе мешітінде болған оқиғаға қатысты айтқан сөздеріне байланысты секілді.Қыз беймәлім адамның өзіне "бір реттік неке" ұсынғанын айтып, видео жариялаған болатын. Рүстем Жүгінісов сол кезде қызды арандатушылық жасады деп айыптады.
"Әпеке-қарындастар, мұндай жағдайларға себеп бермеңіздер. Көшеге жалғыз шықпаңыз. Әйел үшін мешіт - оның үйі. Үйде намаз оқыңыз. Намаз оқығаннан кейін кешке серуендемеңіздер. Бәлкім, сіз өзіңіздің әрекетіңізбен ер адамды іздеп жүргендей әсер қалдыратын шығарсыз", - деген болатын Рүстем Жүгінісов.
Ол сондай-ақ қыздың мешітке жалғыз келмей, әкесі немесе ағасымен еріп келуі керек екенін айтқан болатын.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде мешітте ер адам қызға интимдік қатынас үшін бір реттік некеге тұруды ұсынғаны туралы жазған едік. Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында 42 жастағы күдікті Талғат Ахметовке қатысты іс қаралды. Оны 5 күнге қамау туралы шешім шығарды. Кейін танымал хитмен Мирас Жүгінісов Ақтөбедегі мешітте болған жанжалға қатысты пікір білдіріп, басы дауға қалған ағасына қатысты ойын айтқан болатын.

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
