Албания Жасанды интелектіні министр қызметіне тағайындады
Фото: echofm.online
Албания премьер-министрі Эди Рама жасанды интеллект көмегімен құрылған министрді таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Telegrafi басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Социалистік партияның ұлттық ассамблеясында премьер-министр Эди Рама төртінші рет қызмет етіп жатқан үкіметтің министрлерінің есімін атады. Сол сәтте Ассамблеяға жасанды интеллект көмегімен құрылған Diella есімді министрді таныстырды.
Эди Рама Diella-ның басқа істермен қатар мемлекеттік сатып алуларға жауапты болатынын айтты. Оның сөзінше, жобаның мақсаты тендерлік жүйені ашық етіп, сыбайлас жемқорлықты жою.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы 8 қыркүйекте өткен жыл сайынғы жолдауында елімізде Жасанды интеллект министрлігін құру керегін мәлімдеген еді. Оны вице-премьер деңгейіндегі маман басқаруға тиіс екенін айтқан.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады