Қаржыгер Андрей Чеботарев астаналықтарға өлім тілеп, балағаттағаны үшін жауапқа тартылды

Фото: Андрей Чеботаревтің жеке мұрағатынан
Қазақстандық қаржыгер әрі блогер Андрей Чеботаревке Астана қаласы тұрғындарын балағаттап, оларға өлім тілегені үшін 80 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана полициясы әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу кезінде 52 жастағы блогердің астаналықтарды қорлаған жазбасын анықтаған.
“Сондай-ақ оларға өлім тілеген. Айтуынша, ол осылайша жол ережесін бұзатын жүргізушілердің әрекетіне наразылығын білдірген. Нәтижесінде жарияланым авторы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 20 АЕК, 78,64 мың теңге көлемінде айыппұл салынды”, – деп хабарлады полиция.
Ведомство көпшілік алдында, оның ішінде әлеуметтік желілерде айтылатын пікірлерде этика нормаларын сақтауға шақырды.
Еске салайық, Астана тұрғындарын балағаттап, өлім тілеген танымал қаржы сарапшысына қатысты тексеріс басталған еді.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”