"Бір кубок жоқ". УЕФА белгілі футболшы Лионель Мессидің жетістігіне түзету енгізді
УЕФА өзінің ресми сайтында Аргентиналық футболшы Лионель Мессидің жетістігіне түзету енгізді. Бұл дерекке оның жанкүйерлері аң-таң деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Дерекке сүйенсек, ресми сайтта Мессидің футбол карьерасында 3 мәрте чемпиондар лигасын жеңгені жазылған. Яғни үш кубокты да Барселона сапында ойнағанда алғаны көрсетіліпті.
“2008/09, 2010/11 және 2014/15 жылдары. Ал 2006 жылғы жеңісте Месси испаниялық клуб ойыншысы болса да, жасыл алаңда өнер көрсетпеді”, - деп жазылған ресми сайт дерегінде.
Айта кетейік шабуылшы шынымен де 2006 жылғы ойында Барселона командасында болды. Бірақ жарақатына байланысты 1/8 турдан кейін жасыл алаңға шыққан жоқ.
Десе де википедия сынды өзге ақпарат көздерінде Лионель Мессидің 4 рет кубок иесі атанғаны әлі де өзгермеген.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ