Бір қолға үш келіден: Атырау тұрғыны қант алу үшін супермаркетке 18 рет кірген
Атырауда азық-түлік бағасының негізсіз қымбаттауына байланысты рейдерлік тексеріс жүріп, оның барысында супермаркетке 18 рет кіріп, тек қант сатып алған ер адам анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ATPress.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адамның әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Кәсіпкерлік және туризм басқармасының жетекшісі Нұрбол Жаңабековтің айтуынша, бүгінгі таңда қант бір қолға үш келіден беріледі. Бұл қант бағасының негізсіз көтерілмеуі үшін жасалған шара.
Сондай-ақ, қанттың супермаркеттерге арнайы бір уақытта түсетіні атап өтілді. Ал рейдерлік іс-шаралар аптасына бірнеше рет жүргізіледі.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ