Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Билік бізді ұмытып кетті": Атырау облысында кәсібі бір жылдан бері тоқтап тұрған бизнесмендер көмек сұрады

Атырау облысының бір жылдан бері жұмысы тоқтап тұрған бизнесмендері кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрап келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Боулинг, балалар ойын-сауық орталықтары мен бильярд клубтарын ашқан кәсіпкерлер билік бізді ұмытып кетті дейді. Бір жыл бойы табыссыз қалдық деген бір топ атыраулық кәсіпкер наразылық білдірді. Боулинг, балалар ойын-сауық орталықтары мен бильярд клубтарын ашып, жылдар бойы кәсіптерін дөңгелетіп келгендердің кейбірі пандемия кесірінен банкрот болып, мүлдем жабылған.

Ал қалғандары кәсіптерін сақтап қалу үшін карантинде жабық тұрған нысан үшін де миллиондап несие төлеп, тығырыққа таянғандарын айтады.

"Жасылға кіргесін үміттендік. Моншаны, кинотеатрды ашып жатыр. Тамақ жақты ашқасын бізді де ашатын болар дедік, біз ойлаймыз бізді ұмытып кеткен шығар деп. Неге бізге рұқсат бермейді?" - дейді кәсіпкер Бибігүл Шитенова. 

"Қазір 30-дан астам адам жұмыссыз отыр. Олардың несиелері бар, бала-шағалары бар. Біз аппараттардың да кредитін төлеп жатырмыз. Кредиттен босатқан жоқ. Бізге 50 пайызға рұқсат берсе, өйткені кинотеатрлар да жұмыс жасап жатыр. Рұқсат берсе, барлық сан. норманы сақтаймыз", - дейді кәсіпкерлердің бірі Жанаргүл Жолдығұлова.

Наразы кәсіпкерлер облыстық кәсіпкерлер палатасынан қолдау сұрады. Палата басшылары олардың талабы орынды дейді. Өйткені облыста бір жылға жуық қызметі тоқтап тұрған бильярд, боулинг клубтардың көбі мүлде жабылып жатқанын айтады. Сондай-ақ, сөздерінше бүкіл ел бойынша жұмыс жасауға шектеу қойылғанмен, кейбір аймақтарда рұқсат етіліпті.

"Кейбір облыстарда жергілікті бас санитарлық дәрігердің қаулысымен оларға рұқсат беріліп жатыр. Сондықтан да кәсіпкерлердің наздары сол. Ұсыныстарын жинап жатырмыз, санитарлық врачпен келіссөз жүргізіп қараймын. Арыз-шағымдарын облыстық әкімдікке жеткіземіз", - дейді Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресов.

Ал облыстағы санитарлық дәрігерлер Кәсіпкерлер палатасы бұл мәселені үкімет деңгейінде ғана шеше алатынын айтады. 


БСН (БИН) дегеніміз не?

Талқылау