Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл облыс әкімдіктеріне шамамен 3,8 триллион теңге қарыз алуға рұқсат берілді

2024 жылы облыстардың жергілікті атқарушы органдарына (жергілікті атқарушы органдар, әкімдік) 3,8 триллион теңгеге жуық қарыз алуға рұқсат етіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

"Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 2024 жылға арналған жергілікті атқарушы органдар бойынша берешек лимиттері белгіленсін", – делінген Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы жобасында.

Өтінімге сәйкес, 2024 жылға әкімдіктер үшін келесі қарыз лимиттерін белгілеу жоспарланып отыр:

Алматы қаласы  - 674 072 093,2 теңге; 
Түркістан облысы – 359 988 882,5 теңге;
Астана қаласы  –   221 636 896,9 теңге;
Жамбыл облысы  –  212 762 306,2 теңге;
Қарағанды облысы  - 210 861 829,2 теңге;
Алматы облысы –  194 238 699,3 теңге; 
Қызылорда облысы - 174 327 109,7 теңге;
Ақмола облысы – 172 393 551,4 теңге;
Қостанай облысы  –  162 022 370,1 теңге; 
Ақтөбе облысы – 159 524 508,7 теңге;
Шымкент қаласы  –  158 511 018,8 теңге;
Павлодар облысы –  142 088 462,1 теңге;
Батыс Қазақстан облысы  – 136 364 837,3 теңге; 
Маңғыстау облысы  – 134 244 600,8 теңге;
Шығыс Қазақстан облысы  –  133 757 568,1 теңге; 
Солтүстік Қазақстан облысы  - 132 818 569,8 теңге; 
Жетісу облысы - 131 375 124,2 теңге;
Атырау облысы – 127 880 569,1 теңге;
Абай облысы  – 104 179 919,5, теңге; 
Ұлытау облысы  –  45 054 130,2 теңге.

Осылайша, облыстардағы әкімдіктердің 2024 жылға арналған жалпы қарыз лимитін 3 788 103 047 100 теңге шегінде бекіту көзделіп отыр.
 

Талқылау