Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бетінен шапалақпен ұрған": Павлодарда балаға дөрекілік танытқан тәрбиеші жұмыстан шығарылды (видео)

Павлодарда балабақша тәрбиешісі баламен дөрекі қарым-қатынас жасап, ұрғаны үшін жұмыстан шығарылды. Мектепке дейінгі мекеменің басшысы да жазаланды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

балабақшаТүсірілімнен скриншот

Балабақшаның жатын бөлмесінде орнатылған бейнебақылау камераларында тәрбиешінің балаға дөрекі қарағаны түсіп қалды. Оқиға ұйқы сағаты кезінде болған. Кадрларда тәрбиеші ұйықтайтын бөлмеде телефон қарап, балалардың бірі ұйықтамағанын байқайды. Ол бүлдіршінге жақындап, бетінен шапалақпен ұрып, содан кейін оған көрпе лақтырады.

Павлодар білім басқармасы аталған фактіні растап, жағдайға түсініктеме берді.

"7 сәуірде Павлодар қаласының білім бөлімі балабақша тәрбиешісі тарапынан балалармен дөрекі қарым-қатынас жасау фактісі бойынша № 28 балабақшаға барып, қызметтік талқылау өткізді. Тергеу қорытындысы бойынша Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес тәрбиеші жұмыстан шығарылды", – деп түсіндірді білім басқармасы.



Сондай-ақ балабақша басшысына сөгіс берілген. Бейнежазбаға түскен тәрбиешінің 13 жылдан астам тәжірибесі бар екендігі атап өтілді. Бұл мектепке дейінгі мекемеде ол алты жыл жұмыс істеді, бұл топты екінші жыл басқарады.

Талқылау