"Қара шәй мен нан": Алматыда бүлдіршіндерді дұрыс тамақтандырмаған балабақшаның үш маманы жұмыстан босатылды
Желіде Алматыдағы №164 балабақшада бүлдіршіндердің тамаққа қара шәйға нан батырып жеп отырған видеосы тарады. Бұл жұртшылықтың наразылығын оятып, балабақшаның үш қызметкері жұмыстан шығарылды деп хабралайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап.
Наурыз айында тараған видеода бүлдіршіндердің үстелінде ештеңе болмаған. Мұнда олар қара шәйға нан батырып жеп отыр. Бұдан соң білім басқармасының баспасөз қызметі арнайы құрылған комиссияның егжей-тегжейлі тексеру жүргізетінін хабарлады.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі тексеріс нәтижесінде басшы, медбике және әдіскер қызметтік міндеттеріне адал болмағаны үшін жұмыстан босатылғанын жеткізді. Ал топ мұғалімі, қоймашы мен аспазға тәртіптік жаза қолданылған.
Сондай-ақ, Алатау аудандық білім бөлімінің бас маманы мен қалалық білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысына "бақылауды әлсіреткені үшін" тәртіптік жазалар берілген.
Талқылау